$ 491.7  531.28  5.07

ШҚО-ның дәрігерлеріне 290 млн теңге айыппұл салынды

Мониторинг жалпы сомасы 296,4 млн теңге болатын ақауларды анықтады
Фото: arbuztoday.ru
Фото: arbuztoday.ru

Биыл ШҚО тұрғындарына мемлекеттік тапсырыс аясында 127 медициналық ұйым қызмет көрсетеді, олардың 62-сі жеке-меншік, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Шығыс Қазақстан филиалы 2019 жылдың басынан бері аймақтағы ауруханалар мен емханаларға халыққа көрсетілген қызметтер үшін 60 млрд теңгеден астам төлем жасады. Төлемдер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (ТМККК) қаржыландыру шеңберінде жүргізілді.

- 2019 жылғы 18 қарашадағы жағдай бойынша қор жеткізушілеріне 62,2 млрд теңге төленді. Бұл медициналық көмек көрсетуге жасалған шарттардың 83%-ы, - деп хабарлады ШҚО бойынша "ӘМСҚ" КЕАҚ филиалының директоры Ғалымжан Әбілов.

Қордың өңірлік филиалы ШҚО тұрғындарына берілген медициналық қызметтердің көлемі мен сапасына тұрақты түрде мониторинг жүргізеді.

Мониторинг жалпы сомасы 296,4 млн теңге болатын ақауларды анықтады, оның ішінде: амбулаториялық-емханалық көмек бойынша - 30,3 млн теңге, консультациялық-диагностикалық қызметтер бойынша – 22,4 млн теңге, ауыл халқына медициналық көмек көрсету бойынша – 46,7 млн теңге, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек – 165,8 млн теңге, мамандандырылған медициналық көмек - онкологиялық, туберкулезге қарсы, психиатриялық, наркологиялық қызметтер, жедел көмек, ЖИТС орталығы – 31 млн теңге.

Мониторинг кезінде анықталған негізгі бұзушылықтар емдеу-диагностикалық іс-шаралар стандарттарынан ауытқулар, медициналық құжаттаманы сапасыз жүргізу, медициналық қызмет көрсетудің расталмаған фактілері, негізсіз емдеуге жатқызу болып табылады. Тексеруді қор сарапшылары алыстан (Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерінде) және бекітілген жоспарға сәйкес мониторинг қызметі медициналық ұйымдарға барған кезде жүзеге асырады. Сондай-ақ пациенттердің шағымдары негіз бола алатын жоспардан тыс тексерулер де жүргізіледі. Бұл емделушілердің құқықтарын қорғау саласындағы медициналық сақтандыру Қорының жұмысының бір бөлігі.
 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ШҚО #дәрігер