$ 494.87  520.65  4.91

Оралда 6 адам менингоэнцефалитке шалдыққан

Мамандардың мәлімдеуінше, мұндай сырқаттар уақтылы қаралса, толық жазылады.

Орал қаласында Вальдорф бағытындағы мектеп-гимназиясының 3-сынып оқушысына вирусты менингоэнцефалит диагнозы қойылды, деп жазады BAQ.KZ.

10 жастағы бала 21 қараша күні жедел жәрдеммен облыстық балалар ауруханасына түссе, келесі күні инфекциялық ауруханаға жатқызылған. Қазір науқастың жағдайы жақсы. Мамандардың мәлімдеуінше, мұндай сырқаттар уақтылы қаралса, толық жазылады. Көп жағдайда баласы сол мектепте оқитын өзге ата-аналар өз бүлдіршіндерінің денсаулығына алаңдайтыны жасырын емес. Бұл ретте вирусты менингитті мидың іріңді қабынуымен сипатталататын менингококкты инфекциямен шатастырып, үрейленбеуін сұраймыз дейді дәрігерлер.   

Надия Ахметова, облыстық инфекциялық аурухана директоры: 

- Осы жыл бойына бүгінгі таңға дейін 6 науқасымыз болды. Сол вирустық менингит болып науқастанған науқастарымыз оның ішінде бәрі емделіп шықты.  Енді асқынған еш несі болған жоқ. Енді бүгінгі бір-ақ науқасымыз бар. Ол бала. Қазіргі жағдайы жаман емес. Емделіп келе жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Орал