$ 444.22  476.38  4.82

Қазыны жылқының жыныс мүшесіне теңеген британдық жазаланбайтын болды

Қазыны жылқының жыныс мүшесіне теңеген британдық Майкл Макфит Қырғызстаннан Ұлыбританияға көшірілетін болды. Бұған дейін әлеуметтік желідегі осынау жазбасы үшін елде жұмыс істеп жүрген шетел азаматын қырғыз құқыққорғаушылары жазаламақ болған еді. Бұл жайында Zanoza.kg хабарлады.

Макфит Қырғызстаннан Ұлыбританияға бүгін көшірілді.

Айта кетейік, британдық азамат Жаңа жыл мерекесі қарсаңында әлеуметтік желілердің біріне қазының суретін салып, оның астына "жылқының жыныс мүшесінен жасалған шұжық" деген жазба қалдырған болатын. Бұл өз кезегінде Макфитпен бірге Құмтөр алтын өндіру кенішінде (Қаракөл қаласы) жұмыс істеп жатқан қырғыздардың ашу-ызасын тудырды. Мереке өтісімен тәртіп сақшылары шетелдікті Бішкек әуежайында ұстап, оны соттамақ болған. Алайда, белгісіз себептермен қылмыстық іс қозғалған жоқ. Жергілікті кәсіподақтар ұйымы өкілдерінің айтуынша, оның жазбасы әлеуметтік араздықты қоздыру бабына сәйкес келеді.

The Guardian басылымынң хабарлауынша, Макфит Құмтөр кенішіне иелік ететін Centerra Gold компаниясының жұмысшысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары