$ 443.85  474.3  4.8

Бүгін елімізде ауа райының тұрақсыздығы сақталады

Синоптиктердің болжамынша 5 қаңтар күні республиканың басым аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады.

«Атмосфералық ағындар Қазақстанның аймақтарына қар, боран, тұман, көктайғақ және дауылды жел алып келеді» делінген Қазгидрометтің таратқан хабарламасында.

Астана күндіз термометр бағаны -15 градусты көрсетеді, күн бұлтты, қар жауып, боран соғады. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді деп күтілуде.

Алматыда күн жылы. 5 қаңтар күні күн бұлтты, қар жаууы ықтимал. Жолдарда көктайғақ болады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында күн аязды. Күндіз ауа температурасы -18-20 градустан жоғарыламайды.

Оңтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Күндіз термометр бағаны +3+5 градусты көрсетеді.

Алматы, Маңғыстау облыстарында кей аудандарына тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы мұнда секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Сонымен қатар, Қарағанды, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында да жел күшейеді, боран соғады.

Ақмола, Атырау, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарында күн аязды, дауылды жел тұрып, жолдарда көктайғақ болады деп күтілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары