$ 449.58  486.94  4.86

«Айна» базарында орталық ашылды

Аталған орталықта тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының маманы, Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бөлім басшысы Әлсейіт Оңласын, сондай-ақ «Nur Otan» партиясы Еңбекші аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жандос Қамбарбеков жастарды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар Қанаты Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Айна» базары маңында «Кеңес орталығы» ашылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазіргі таңда Шымкентте ірі 9 базар бар. Бұл орталықта базарға келушілері мен жұмыскерлер сала мамандарынан, басшыларынан тұрғын үй, кәсіпкерлік, жұмыспен қамту, заң құқықтары, денсаулық сақтау мәселелері жөнінде тегін консультативті кеңестер алады.

Аталған орталықта тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының маманы, Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бөлім басшысы Әлсейіт Оңласын, сондай-ақ «Nur Otan» партиясы Еңбекші аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жандос Қамбарбеков жастарды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«Jas Otan» ЖҚ Шымкент қалалық филиалының жетекшісі Арман Әлібековтың айтуынша, алдағы уақытта қалаға қарасты 4 ауданның ірі базарларында осындай орталықтар ашылмақ.

«Кеңес орталығы» аптасына екі рет, яғни сейсенбі және жұма күндері 11:00-ден 17:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#базар