$ 498.34  519.72  4.85

Ақтөбеде қар тазалайтын көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті

Оқиға 3 қаңтар күні орын алған. Қазіргі таңда полиция жол көлік оқиғасынан зардап шеккен жәбірленушінің туған-туыстарын іздестіріп жатыр деп жазады «Диапазон» порталы.

Жедел-жәрдем станциясындағылардың айтуынша, қар тазалайтын көлік қағып кеткен ер азаматтың жасы 30 шамасында. Жәбірленушінің жамбас сүйегі сынып, бас сүйегіне ауыр зақым келген. Қазір ол жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатыр. Полицейлер болса оқиғаның мән-жайын анықтау үшін науқастың туған-туыстарын және оқиғаның куәгерлерін іздестіруде.

"Жол көлік оқиғасы 3 қаңтар күні кешкі сағат 19:30 шамасында Наумов көшесіндегі №43 үйге қарама қарсы бетте орын алған. Толстой көшесінен Луговой көшесіне қарай Наумов көшесімен келе жатқан қар тазалайтын үлкен көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті" делінген облыстық ІІД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Полицейлердің айтуынша, жәбірленушінің аты-жөні - Дәурен Сағындықов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары