$ 494.87  520.65  4.91

Бүгін еліміздің батыс өңірлерінде жаңбыр мен қар жауады

Атырау облысының жекелеген аумақтарына тұман басуы ықтимал.
Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

Қазақстан территориясының басым бөлігі әлі де антициклонның ықпалында болғандықтан, 29 қарашада жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек батыс аймақтарда жаңбыр мен қар күтіледі. Оңтүстікте жел күшейеді. Өзге аймақтарда тұман болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Манғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, көктайғақ күтіледі. Атырау облысының жекелеген аумақтарына тұман басуы ықтимал. 

Күндіз Жамбыл, таңертең және күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады, кей жерлерде тұман болжанады. 

Түркістан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, түнде және күндіз Қарағанды, түнде Алматы облыстарында тұман күтіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары