Шымкент қаласының мектептерінің бірінде оқушы мектепке тапанша алып келген, деп хабарлайды Stan.kz.
Тәртіп сақшыларының "Жасөспірім" рейдтік әрекетінің нәтижесінде 9 сынып оқушысының сөмкесінде травматикалық тапанша анықталыпты.
"25 және 30 қараша аралығында мектептерде "Жасөспірім" рейдтік әрекеттері жүргізілді. Оның басты мақсаты - кәмелетке толмаған балалардың арасында қылмыс әрекеттерін алдын алу. Тексеріс барысында қаладағы мектеп оқушыларының бірінің сөмкесінен қару анықталды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде", - деді Әл-Фараби аудандық ювеналды полиция басқармасының басшы қызметін атқарушы Батырхан Алиев.
Жасөспірім полиция басқармасына жеткізілген. Ол жерге баланың ата-анасы да шақырылыпты. Айтуынша, бозбала тапаншаны өзінің сыныптасынан алып, мектепке оны қайтару үшін алып келген.