$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысында ыстан уланып бес адам қайтыс болды

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Тұрар ауылында ыстан уланып бес адам қайтыс болды. Олардың екеуі кішкентай бала, үшеуі ересек адамдар. Уланған тағы бес адам Қаскелең қаласының ауруханасына жеткізілген деп хабарлады облыстық ТЖД өкілі Азамат Жұртбаев.

Қайтыс болғандар да, ауруханаға түскендер де Өзбекстанның азаматтары. Ведомство өкілінің айтуынша, қайғылы оқиға туралы мәлімет Қаскелеңдегі өрт сөндіру бөліміне 2 қаңтар күні келіп түскен. Мұнан өзге ақпарат әзірге жоқ.

"Алматы облыстық ТЖД қызметкерлері жүргізіп жатқан алдын алу шараларына қарамастан пештегі ыстан уланып жатқандардың қатары азаяр емес. Естеріңізге салайық, 2015 жылы облыстық Төтенше жағдайлар департаментімен өрт қауіпсіздігіне арналған ірі алдын алу шаралары үш кезең бойынша жүргізілді. Нәтижесінде, мамандар 300 мың үйді аралап, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі, пешті дұрыс қолдану жайында түсіндіру парақшаларын таратты. Миллионнан астам адамға лекция оқылды" дейді А.Жұртбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары