$ 446.49  475.38  4.79

Маңғыстауда ҰҚК шенеуніктерді ұстады

Қамауға алынған адамдар браконьерлік іске көздерін жұмып қараған, қаскөйлер балықтардың бекіре тұқымдарын заңсыз аулап, уылдырық алған.

 

 

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Маңғыстау облысында Каспий теңізі айлағында балық ресурстарын заңсыз алудың жолын кесті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлауынша, Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының қызметкерлері құқыққа қарсы әрекеттің жолын кесті.

Қамауға алынған адамдар браконьерлік іске көздерін жұмып қараған, қаскөйлер балықтардың бекіре тұқымдарын заңсыз аулап, уылдырық алған.

Тергеу нұсқасына сәйкес, браконьерлер заңсыз ауланған балықты сатып келген.

Айта кету керек, ұсталған адамдардың қылмыстық әрекетінің нәтижесінде мемлекетке 320 миллионнан артық сомаға зиян келтірілді, заңсыз айналымнан 1 100 килограмм бекіре тұқымдас балық пен 17 килограмм қара уылдырық алынған.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша тергеу жұмыстары басталған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің екі Қытай азаматын ұстағаны хабарланған. Олар көлемі екі миллион теңге болған пара беріп жатқан сәтінде ұсталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Маңғыстау