$ 494.87  520.65  4.91

Есірткінің мастығымен үш айлық қызының жүрегін жеп қойған әке

Бурятияның Улан-Удэ қаласының тұрғыны есірткі таблеткасын қабылдаған соң, үш айлық қызын сойып, жүрегін жеп қойған. Араша түспек болған әйелін өлтіре сабап, сәбидің денесін анасының жатырына қайта тықпақ болған.

Есінен айрылған ерінен әрең сытылып шыққан бейшара әйел көршілерінің үйіне қашып, полицейлерді шақырыпты. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары қанға бөккен пәтерді көріп жағаларын ұстапты.

РФ Тергеу комитетінің аталған аймақ бойынша жетекшісінің аға көмекшісі Дмитрий Столяровтың сөзінше, қылмыскер есірткіні интернет арқылы сатып алған. Ауызекі тілде «спайс» деп аталып кеткен таблеткеның «жылдамдық» деп аталатын сортын қабылдаған нашақор оны біраз уақыттан бері сатып алып жүрген екен.

Қазір қылмыскер қамауда тергеу істері жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары