Қарағанды қаласының 23 жастағы тұрғыны Айбек Мұстақаев із-түссіз жоғалып кетті деп хабарлайды «Newtimes.kz» порталы.
Жас жігітті соңғы рет Михайловка шағынауданындағы аялдамалардың бірінен 3 қаңтар күні түнгі сағат 22:00 шамасында көргендер бар. Оның үстінде қара куртка, қара шалбар және қара аяқ киім болған.
Жоғалған жігіттің анасы айтқандай, Айбек сол күні кешке сүйіктісіне барамын деп үйінен шығып кеткен көрінеді. Алайда, ғашығының үйіне ол сол күйі бармаған.
Айбек Мұстақаевтың туған-туыстары қазіргі таңда тәртіп сақшыларымен бірге іздеу шараларын жүргізіп жатыр. Суреттегі жігітті көрген-білгендер болса +7 (702) 166-66-38 байланыс номеріне хабарласуын да өтінуде.