$ 447.4  477.55  4.76

Нұр-Сұлтан-Павлодар тас жолында жол апатынан 2 адам мерт болды

Оқиға барысында Kia жүргізушісі қалғып кетіп, жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кеткен.
Фото: 24.kz
Фото: 24.kz

Нұр-Сұлтан-Павлодар жолында екі жеңіл көлік соқтығысты. Салдарынан екі адам қаза тапты, деп жазады "Хабар24".

Оқиға барысында Kia жүргізушісі қалғып кетіп, жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кеткен. Сол бойда ВАЗ-2109 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. 

ВАЗ-дың жүргізушісі сол сәтте жан тапсырды. Ал оның жанындағы әйел адам ауруханаға жолда көз жұмды. Бұл туралы ҚазАвтоЖол ҰК АҚ хабарлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары