Бүгін Франция астанасы - Париж қаласында «France Football» журналының ұйымдастыруымен «Алтын доп» иегері анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат .
Сондай-ақ, аталмыш шара барысында Италияның «Ювентус» командасының ойыншысы жылдың ең үздік жас футболшысы атағын олжалады. Англияның «Ливерпуль» клубынан Бекер Алисон - үздік қақпашы, ал американдық Меган Рапино қыздар арасында «Алтын доп» иегері болды. Испанияның «Барселона» командасының аргентиналық жартылай қорғаушысы Лионель Месси 2019 жылғы «Алтын доп» иегері атанды.
Биыл аталмыш жүлдеге үміткер футболшылар қатарында жұлдыздар аз болған жоқ. Атап айтқанда, олардың қатарында Садио Мане, Трент Александер-Арнольд, Алисон Бекер, Жоржиньо Вейналдум, Вирджил ван Дейк, Роберто Фирмино, Мохамед Салах (барлығы - «Ливерпуль», Англия), Серхио Агуэро, Бернарду Силва, Рияд Марез, Кевин де Брейне, Рахим Стерлинг (барлығы - «Манчестер Сити», Англия), Френки де Йонг, Марк-Андре тер Штеген, Лионель Месси, Антуан Гризманн (барлығы - «Барселона», Испания), Уго Льорис, Сон Хын Мин (барлығы - «Тоттенхэм», Англия), Душан Тадич, Донни ван де Бек (екеуі - «Аякс», Голландия), Килиан Мбаппе, Маркиньос (екеуі - ПСЖ, Франция), Пьер-Эмерик Обамеянг («Арсенал», Англия), Криштиану Роналду, Маттейс де Лигт (екеуі - «Ювентус», Италия), Карим Бензема, Эден Азар (екеуі - «Реал», Испания), Роберт Левандовски («Бавария», Германия), Калиду Кулибали («Наполи», Италия), Жоау Фелиш («Атлетико», Испания) болды.
«Алтын доп» жүлдесі 1956 жылдан бері өткізіліп келеді. 2018 жылы оған Испанияның «Реал Мадрид» командасында жартылай қорғаныста ойнайтын хорват футболшысы Лука Модрич лайық деп танылған болатын.