Степногорск қаласының іргесінде тұратын 68 жастағы зейнеткер әйел үйіне жете алмай үсіп өлді деп жазады "Новости-Казахстан" ақпараттық агенттігі Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, қалалық ішкі істер басқармасына жедел жәрдемнің дәрігерлері хабарласып, Заводской ауылы тұрғынының үсіп қайтыс болғандығын айтқан. Ақ халаттылар марқұмның денесін үйінің жанынан тауып алыпты.
"Өз үйінің маңында 1947 жылы туған әйелдің өлі денесі табылды. Ешқандай зорлықтың белгілері жоқ. Зейнеткер қатты суықта далада қалып қойып, үсіктен көз жұмған. Оның денесі қазір мәйітханаға жіберілді, тексеру жүргізіліп жатыр" делінген полицейлердің таратқан хабарламасында.