$ 448.89  477.93  4.76

Алматыда Әлмерек батырдың 360 жылдығына арналған республикалық конференция өтті

Конференцияда Әлмерек Жаншықұлының ерлігі, көрегендігі сияқты тақырыптарда баяндамалар жасалды. Абыз тұлға тарихын зерттеп, жазып жүрген ғалымдар мен жазушылар Алматыда бас қосты.

Алматыда«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әлмерек батыр Жаншықұлының туғанына 360 жыл толуына арналған «Рухани жаңғыру және ұлы даланың ұлы тұлғалары: тарихи сабақтастық» атты Республикалық ғылыми-тәжірбиелік конференция өтті, деп хабарлайды Sn.kz.

Ғылми конференцияда, әулие-абыз бабаның өмір жолымен оның ұрпақтарының қазақ елінің бостандығын қорғаудағы сіңірген еңбектері мен ерліктері туралы зерттеу жұмыстары кеңінен сараланды.

«Әлмерек Жаншықұлы осыдан 360 жыл бұрын дүниеге келген. Жетісу өңірінде жоңғар басқыншыларына қарсы күресінде белді рөл атқарған. Сондай-ақ, Жетісу қазақтарының аман қалуына, жердің сақталуына үлкен еңбек сіңірген адам. Жасырақ кезінде батыр болған, кейін ел басқаратын би болған, содан абыз-әулие атанған. Бұл кісі жәй адам болмаған. Бұл кісінің ұрпақтары да қазақ жеріне өлшеусіз еңбек сіңірген. Олардың арасынан батыр, күйші, шешен, жазушылар шыққан», - деді конференция барысында «Әлмерек» ҚҚ атқарушы директоры Ысқақ Нұрмұханбетов.

Конференцияда Әлмерек Жаншықұлының ерлігі, көрегендігі сияқты тақырыптарда баяндамалар жасалды.
Абыз тұлға тарихын зерттеп, жазып жүрген ғалымдар мен жазушылар Алматыда бас қосты. Ғалымдар үйінде өткен «Рухани жаңғыру және ұлы даланың ұлы тұлғалары: тарихи сабақтастық» атты республикалық ғылыми-тәжірбиелік конференцияда Әлмерек баба туралы көптеген тарихи деректер айтылды.

Тәуке ханның тұсында өмір сүрген Әлмерек баба екі ғасырдан астам уақытқа созылған жоңғар-қалмақ шапқыншылығында бірнеше мәрте қол бастап, көпшілікті бір ту астына жинай білген. Тарихшылар оның әсіресе, қалмақтардың қол астында 20 жылдай бодандықта болған ру-тайпаларды азат етудегі ерлігін ерекше атап өтті. Жиында сондай-ақ, Алматы іргесіндегі Іле ауданында орналасқан Әлмерек баба кесенесінің жаңа бас жоспары таныстырылды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары