$ 448.15  483.46  4.86

Соққысы ауыр қазақ спортшысы мықты қарсыласпен cұмдық айқасады

Бұл қазақстандықпен келісімшартқа отырған промоутерлердің жолы болды.
фото: 24.kz
фото: 24.kz

"Қазақ сарбазы" карьерасындағы ең мықты қарсыласпен жұдырықтасады. Бұл туралы канадалық сарапшы мәлімдеді.

Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовтың (10-0, 9 КО) келесі қарсыласы карьерасындағы ең мықтысы. Кәсіпқой бокстың канадалық сарапшысы Шон Смит осындай мәлімдеме жасады. 

WBC "жастар" титулына ие Ахмедов 7 желтоқсан Монреальда Давид Лемье (40-4, 34 КО) мен украиналық Максим Бурсак (35-5-2, 16 КО) андеркартында жұдырықтасады. Қарсыласы аргентиналық Хосе Антонио Вильялобос (12-5-2, 7 КО).

"Ахмедов - болашағынан үміт зор талантты боксшы. Оған әлі де үйрене беру керек және жақсы жақтарын дамыту қажет. Бұл қазақстандықпен келісімшартқа отырған промоутерлердің жолы болды. Ол канадалықтардың жүрегін жаулады. Осы жолғы қарсыласы мықты, соққысы ауыр. Қорғанысы да жақсы және көп қозғалады. Бұл Садриддин үшін көп қиындық тудырады. Айқас сұмдық болатынына сенімдімін", - дейді Смит. 
 
Дереккөз:Vesti.kz
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары