$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда халықаралық «ЖасSTAR» шығармашылық фестивалі өтті

Фестиваль қатысушылары мен қонақтарын қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың атынан шаһар басшысының орынбасары Ержан Бабақұмаров құттықтады.

Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен халықаралық «ЖасSTAR» шығармашылық фестивалі өтті, деп хабарлайды Sn.kz.

Республика сарайының сахнасында еліміздің жас таланттары әлемдік мюзиклдердің үздік хиттерін орындады. «Жаңа есімдердің он жылдығы» ұранымен өткен фестивальді ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры ұйымдастырды.

Фестиваль қатысушылары мен қонақтарын қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың атынан шаһар басшысының орынбасары Ержан Бабақұмаров құттықтады.

«Жастар арасында өнер мен мәдениетті жан-жақты дамытуды мақсат еткен фестиваль өзінің он жылдығын атап өтуде. Аталған шара әр елден келген жастардың басын қосып келеді. Жыл сайын фестивальге қатысуға ниет білдірушілер қатары артып отыр. Бұл – көпшілікке өз талантын паш етіп, шығармашылық көкжиегін кеңейтуге және жаңа тәжірибе алуға тамаша мүмкіндік» делінген құттықтау хатта.

Биылғы фестиваль «Broadway musical shows» форматындағы мюзикл-концерт түрінде өтті. Әр жылдағы «ЖасSTAR» қатысушылары, сонымен қатар, еліміздің ең үздік шығармашыл жастары әлемдік мюзиклдердің үздік хиттерін орындады. Фестиваль бағдарламасында «Ұлы шоумен», «Сұлу мен құбыжық», «Ромео мен Джульетта», «Chicago», «Достар серті», «Ла-ла ленд», «Mamma mia» және басқа да музыкалық композициялар орындалды.

Бұл мәдени-ағартушылық жобаның мақсаты – жастар арасында мәдениеттің дамуына және талантты жас суретшілердің шығармашылық әлеуетінің артуына ықпал ету.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары