Маңғыстау облысындағы балалар жұқпалы аурулар ауруханасында 10 жыл бойы ешбір жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Науқас балалардың ата-аналар да емдеу мекемесінде жатуға жағдай жоқ деп шағымданады. Шілдеде жүргізілген мониторинг нәтижесі аурухананы жөндеуге қажетті қаржа жоқтығы белгілі болды, деп хабарлайды Астана арнасы.
Кір-қожалақ қабырға, сыз тартқан төбе, сапасы нашар медициналық құралдар. Дәл осындай жағдайда кішкентай пациенттер ем-шара қолдануға мәжбүр. Емдеу мекемесінің ғимаратында 10 жыл бұрын ғана күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліпті. Басшылықтың айтуынша, облыстық бюджеттен бөлінетін қаржы жеткіліксіз.
Бес айлық қызымен осы ауруханада жатқан Анна Кадырова қажетті препараттар болмағанын, жағдайдың өте қиын болғанын айтады.
"Медбикелер сөйлесуге де қорқады. Олар өздеріне жақындамаған соң, күйінген емделушілер ашуын кімнен аларын білмейді. Құлаған қабырға, жарылған төбе, тіпті баламызды шомылдыратын ыстық су да жоқ. Дәрінің көбін өзім сатып алдым. Аурухана басшылығы бұл жағдайдан хабардар. Мәселені шешу үшін жөндеуге ақша сұрап, облыс әкімдігіне жыл сайын хат жолдайды. Бірақ қаржы тапшы. Мысалы, балалар мен ересектерге арналған жұқпалы аурулар емханасының биылғы бюджеті 273 миллион теңге. Бұл - былтырғыдан 80 миллионға аз", - дейді ол.
«NUR OTAN» партиясы Орталық аппаратының партиялық бақылау қызметі инспекторы Айжан Искакова жергілікті бюджеттен қаржыландырудың жоқтығына қатысты облыстық әкімшілік пен денсаулық сақтау басқармасы өкілдерімен кездесті. Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланыста алдын-ала жоба-смета дайындалды. Аурухана мәселесін шеу үшін 450 миллион теңге қажет екенін де атап өтті.
"Бұл - Елбасының тапсырмасы. Партия мүшелері жұқпалы аурулар емханасын жөндеу үшін жол картасын дайындап қойды. Ендігі уақытта әр облыс филиалындағы партия мүшелері аймақты емдеу мекемелерінің барлығын тексеруді қолға алады", - Айжан Искакова.
Ал арнайы мониторингтік топтың төрайымы Рухия Алдонгарованың сөзінше, смета дұрыс жасалмаған жағдайда қаржы дұрыс бөлінбейді, сондықтан қабілетті инвесторлар арқылы мәселені шешуге болады.