$ 444.22  476.38  4.82

Алматылық оқушылар ұлт зиялыларының ұрпақтарымен кездесті

Жиын соңында Назгүл Туғанбайқызы осындай ұлы адамдардың ұрпақтарымен кездесу әркімнің маңдайына жазыла бермейтіндігі жайлы айта келе, кеш қонақтарына оқушылар қолынан шыққан өнер туындыларын сыйға тартты.

Алматыдағы Н.Назарбаев зияткерлік мектебінде «Ұлы тұлғалардың ұрпақтарымен» атты іс-шара өтті. Шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған, деп хабарлайды Sn.kz. 

Алматы қаласындағы Н.Назарбаев зияткерлік мектебінде есте қаларлық кездесу кеші өтті. Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында айтылатын, ұрпақтар сабақтастығы бағдарламасы бойынша «Ұлы тұлғалардың ұрпақтарымен» іс-шара ұйымдастырылды.

Аталған жиынға Жамбыл Жабаевтың немересі, Жамбыл музейінің меңгерушісі, «Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі» Салтанат Жамбылова, кезінде  Жәкеңмен  жиі араласып, қазақтың күй өнерін асқақ¬татқан аңыз анамыз Дина Нұрпейісованың немересі Карима Нұрпейісова, қазақ жырының «Қаражорғасы» атанған Үмбетәлі Кәрібаевтың неме-ресі, Үмбетәлі музейінің меңгерушісі, ҚР үздік өлкетанушысы, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халық¬ара¬лық одағының мүшесі Әуелбек Ысқақов  қатысып, оқушыларға  өздерінің аталары жайлы қызықты естеліктер айтты. 

Кездесу барысында Жамбыл немересі Салтанат Тезекбайқызы Жамбыл музейінің құрылу тарихы, ондағы құнды жәдігерлер жайлы айта келе, ұстаздар мен  оқушыларды Жамбыл ауданындағы Сүйінбай, Жамбыл, Үмбетәлі музейлерін тамашалауға шақырды. 

Келесі кезекте сөз алған Дина апамыздың немересі Карима Мұратқызы апасы жайлы әкесінен естіген әңгімелерін айта келе, кезінде Жамбыл, Үмбетәлі, Дина бірге жүріп, қазақ өнерінің өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқандығын, сондай адамның ұрпағы екендігін мақтан тұтатынын атап өтті. 

Сөз соңында Дина әженің ұрпағы деп елеп шақырғандары үшін мектеп басшыларына шын жүректен алғысын жеткізді.

Аталған кешті жүргізуді қолына алған Үмбекеңнің немересі, суретші, ақын Әуелбек Ысқақов оқушыларға өзі арнайы дайындап келген, музей қорында сақтаулы тарихи-деректі фильмді көруді ұсынды. 

Онда Жетісу өңірінен шыққан атақты Сүйінбай, Жамбыл, Үмбетәлі және басқа ақындар жайлы қызықты деректер келтірілген. Оқушылар фильмді өте қызығушылықпен тамашалады.

Жиын соңында Назгүл Туғанбайқызы осындай ұлы адамдардың ұрпақтарымен кездесу әркімнің маңдайына жазыла бермейтіндігі жайлы айта келе, кеш қонақтарына оқушылар қолынан шыққан өнер туындыларын сыйға тартты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары