$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда «Қазақстандық отбасылар-2019»  алғашқы ұлттық баяндамасының тұсауы кесілді

Зерттеу отбасының 17 түрін – көп балалы, кеңейтілген, толық емес және мүгедек балалары бар отбасыларды қамтыды.

Бүгін «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстандық отбасылар-2019» алғашқы ұлттық баяндамасының тұсаукесеріне арналған баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды Sn.kz. 

Баяндама жобасы Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҰАО-ның тапсырысымен жүзеге асырылды. Жоба мақсаты  қазақстандық отбасылық саясат моделін қалыптастыру  негізіндегі жүйелі әрі тиянақты ұсыныстарды дайындау болып табылады.

Баспасөз маслихатында спикерлер  «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ президенті, ҚР президенті жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның сараптамалық кеңесінің мүшесі Маргарита Өскембаева, «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ сарапшы-әлеуметтанушысы, Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ-дың саясаттану және әлеуметтану кафедрасының оқытушысы, докторанты Татьяна Резвушкина, «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ сарапшы-консультанты, БҰҰ-ның SDG және гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі сарапшысы, «ADAM DAMU Еуразиялық гуманитарлық орталығы» ҚҚ төрағасы Аида Әлжанова сөз алды.

Шараға, сондай-ақ, БАҚ өкілдері мен Үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, құқық қорғау органдарының полиция қызметкерлері қатысты. Баяндамаға негіз болған сауалнама ағымдағы жылдық маусым айында басталып,  қараша айына дейін жүргізілді. Әлеуметтанулық зерттеуге Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Қазақстанның 14 облысынан барлығы 3600-ден астам адам қатыстырылған.

Зерттеу отбасының 17 түрін – көп балалы, кеңейтілген, толық емес және мүгедек балалары бар отбасыларды қамтыды. Сауалнамаға қалалық (62,5%), ауылдық тұрғындары (37,5%), әр түрлі жастағылар мен этникалық құрам қатысты. Сұралған респонденттердің 77,6%-ы әйелдер, ал 22,4%-ы ер адамдар болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары