$ 444.32  473.33  4.76

Алматыда ақын Фаризаның атына көше берілді

Іс-шараға жазушы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері Дулат Исабеков ағамыз, Алматы қаласы әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі М.Қ.Ахетов, Жазушылар Одағы, Атырау облысынан делегаттар өкілдері мен Ф.Оңғарсынованың ұлы Айбар Оңғарсынов қатысты.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алатау ауданының «Алғабас» ықшамауданында қазақ ақыны, халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың атына берілген көшенің ресми ашылуы өтті, деп хабарлайды Sn.kz.

Бүгінгі іс-шараға жазушы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері Дулат Исабеков ағамыз, Алматы қаласы әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі М.Қ.Ахетов, Жазушылар Одағы, Атырау облысынан делегаттар өкілдері мен Ф.Оңғарсынованың ұлы Айбар Оңғарсынов қатысты.

Фариза Оңғарсынова 1939 жылы 5 желтоқсанда Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында дүниеге келген. 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін тәмамдап, Балықшы ауданының Еркінқала, Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектептерінде ұстаздық еткен.

Алғашқы өлеңдері баспасөз беттерінде 1958 жылдан бастап жарық көрген. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Сандуғаш», кейіннен,«Алмас қылыш», «Тартады бозбаланы магнитім», «Сайраған Жетісудың бұлбұлымын», «Тыңдаңдар, тірі адамдар», «Қарғыс», «Қасірет пен ерлік жыры» поэмалары мен басқа да талай дүниелермен толықты. 1984 жылы «Үйім – менің Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлең топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары