$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда Орта Азия елдері фильмдері көсетілуде

Шара аясында, сондай-ақ,  мәдени мұрамызды сақтап, оны қорғау мақсатында арнайы фотокөрме ұйымдастырылды.
фото: turkystan.kz
фото: turkystan.kz

Аталмыш шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылуда. Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Монғолия ердерінің 50-ге тарта фильмін 3 күн бойына көрсету жоспарланып отыр. Бұл туралы Sn.kz хабарлайды.

Шара аясында, сондай-ақ,  мәдени мұрамызды сақтап, оны қорғау мақсатында арнайы фотокөрме ұйымдастырылды. 

«Алатау» дәстүрлі өнер театрының кинозалында қазір Орталық Азия Және Монғолия елдерінің рухани мәдени мұрасы туралы деректі фильмдер көрсетілуде. Ең бірінші болып көрермендер «Қазақ домбырасын жасау өнері» фильмін тамашалады. Шамамен 15 деректі фильм көрсетіледі деп болжанса, ондағы бәріне ортақ нәрсе – рухани мәдени мұраны сақтау және қорғау.

«Шарамыздың мәні, мақсаты - ғасырлардан қалыптасқан дәстүрімізді насихаттау, болашаққа аманат ретінде жеткізу деп білеміз. Бүгінгі залда, сондай-ақ, Қазақ ұлтитық өнер академиясының залында жастармен кездесу болады», деді Алматы қаласы әкімі орынбасарының кеңесшісі Данияр Әлиев. 

Іс-шараға Орталық Азия елдерінің осы саладағы сарапшылары, рухани мәдени мұраны қорғау жөніндегі Ұлттық комитеттің мүшелері, ғалымдар, кинематографистер және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

«Қазақстанның ұлттық элементтерін бүкіл әлемге көрсету және өзіміздің елімізде оны дамытып, сақтау үшін. Өйткені, бүгінгі технология заманында дәстүрімізді жоғалтпай, жасөспірімдер білсін деген мақсатпен жасалған нәрсе ғой», деді рухани мәдени мұраны қорғау жөніндегі ұлттық комитетінің төрайымы Ханзада Есенова. 

Ортақ істің нәтижесінде Орталық Азия және Монғолия елдерінің рухани мәдени мұрасы туралы 50 фильм түсірілді. Оны алдағы уақытта кеңінен насихаттау бойынша жұмыстар жалғастырылмақ. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары