$ 447.4  477.55  4.76

Instagram-да енді жаңа тіркелушінің жасы сұралады

Бұл мәлімет басқа қолданушыларға көрінбейді, тек Instagram желісін жетілдіру мақсатында пайдаланылады.

Instagram қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында аккаунт ашу кезінде қолданушының жасын сұрайтын болады, - деп хабарлайды РИА Новости.  

Бұл туралы Instagram желісінің ресми хабарламасында айтылған. 

"Бүгіннен бастап біз Instagram желісінде аккаунт ашатын адамдардан туған күнін сұрайтын боламыз", - делінген хабарламада.   

Бұл мәлімет басқа қолданушыларға көрінбейді, тек Instagram желісін жетілдіру мақсатында пайдаланылады. 

Сондай-ақ, Instagram желісінің жаңа талабында қолданушы өзіне хабарлама жіберетіндер тізімін реттей алады. 

"Осы жаңажылдықты қолданған адамдар өздері жазылмаған адамның историясы мен жазған хабарламаларын көрмейтін болады", - делінген хабарламада. 

Instagram - әлеуметтік желі элементтері бары сурет және видео алмасуға арналған қосымша. Facebook компаниясына тиесілі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Instagram