$ 448.56  478.03  4.79

Павлодар облысында 6 тонна сұлы жанып кетті

Сондай-ақ, Ертіс ауданының Ертіс ауылында Гагарин көшесінде көмір қоймасында тұрған ағаш құрылымдар мен 25 шаршы метр қабырға жанған.
Фото: zen.yandex.ru
Фото: zen.yandex.ru

Павлодар облысы Шарбақты ауданының Богодаровка ауылында Школьная көшесінде өрт шықты,-деп хабарлайды baq.kz.

Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

№ 7 өрт сөндіру бөлімінен 15 шақырым қашықтықта жеке тұрған шаруашылық алаңында ағаш құрылымдар мен шифр төбе жанып, 32 шаршы метрі құлап түскен. Ол жерде 6 тонна сұлы болған. Өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. Оқиға орнына 5 адам мен бір техника шықты, - дейді департаменттегілер.

Сондай-ақ, Ертіс ауданының Ертіс ауылында Гагарин көшесінде көмір қоймасында тұрған ағаш құрылымдар мен 25 шаршы метр қабырға жанған. Тілсіз жауды ауыздықтауға 4 қызметкер мен бір техника жұмылдырылды. Келтірілген шығын көлемі анықталуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары