$ 494.87  520.65  4.91

Шымкенттегі көпір Тәуелсіздік күні қарсаңында пайдалануға беріледі

Жер үсті өткелінің құны бастапқыда 189 млн. теңгені құраса, 2017 жылы жазда құжатқа өзгерістер енгізіліп, нысанның құны 217 млн. теңгеге бір-ақ жеткен еді.

Қаладағы Темірлан тас жолы мен Мангелдин көшелері қиылысындағы жер үсті өткелі Қазақстанның Тәуелсіздігі күніне пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Sn.kz.

Жер үсті өткелінің құны бастапқыда 189 млн. теңгені құраса, 2017 жылы жазда құжатқа өзгерістер енгізіліп, нысанның құны 217 млн. теңгеге бір-ақ жеткен еді. Қосымша қаражат поликорбанаттан шатыр, лифт және тірек бөлігін кеңейтуге қаралған.

«Жер үсті өткелін 15-ші желтоқсанда аяқтаймыз деп отырмыз. Қазір сырлау, плиталарды төсеу жұмыстары жүргізілуде. Шатыр болмайды. Жылы еден болады. Плиталардың астына кабель жібердік. Қыс мезгілінде қосылады. Эскалатор болады ма жоқ па әлі шешілмеді. Жобалық-сметалық құжаттағы лифтті орналастыру жұмыстарымен айналысудамыз» дейді учаске бастығы Ринат Исмаилов.

Шымкенттіктер бұл жер үсті өткеліне «алтын көпір» деп атау берген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#көпір