$ 494.87  520.65  4.91

Хабиб Нұрмагомедовтың әкесі ұлының жекпе-жегіне бара алмауы мүмкін

Нурмагомедов - Фергюсон жекпе-жегі 2020 жылдың 18 сәуірінде Нью-Йоркте (АҚШ) өтеді.
Фото: sports.kz
Фото: sports.kz

Ресейлік UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың (28-0) әкесі Абдулманап Нурмагомедов келесі жылдың көктемде АҚШ-та болатын ұлы мен америкалық Тони Фергюсонның (25-3) жекпе-жегін өз көзімен көргісі келеді, деп хабарлайды Sports.kz.

Алайда, Хабибтің әкесі бұл ретте белгілі бір қиыншылықтарға тап болған: АҚШ-қа виза сұратқан екен, бірақ консулдық бірнеше рет бас тартқан. Бұл жолы ол құжаттарды Қазақстан арқылы жіберуді ұйғарып отыр.

"Виза ала алмай жатырмын. Енді Қазақстанға құжаттарымды жіберіп қойдым. Қашан шақырады деп күтіп жүрмін. Алматыда 22-сінде боламын. Сұрақ-жауаптан сүрінбей өтермін деп үміттенемін", - дейді Абдулманап Нурмагомедов.

Нурмагомедов - Фергюсон жекпе-жегі 2020 жылдың 18 сәуірінде Нью-Йоркте (АҚШ) өтеді. Спортшылар бұған дейін бір-бірімен төрт рет кездесуге тырысты, бірақ әр кез жекпе-жек олардың алған жарақатына байланысты кері шегеріліп келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары