Мереке күндері не жылдың бір мезгілінде қаладағы ойын-сауық орталықтарын мен дүкендерде жаппай сатылымдар өтеді. Жарнама жасалып, халыққа арзан бағамен зат алып үлгеруге үгіт-насихат жүргізеді. Кейбір адамдар арнайы жеңілдіктер мерзімін күтіп, алдын ала жоспарлап жатады. Жаппай сатылым науқанының жарнамасы адам көзі түсетін барлық жерлерден, теледидар не интернеттен көрсетіледі. Мұның бәрі адамға қалай әсер етеді? Кәсіпкерлер қалайша сатып алушыларды тартады?
Бәріміз мереке жақындаған сәтте жақын адамдарымызға сыйлық беруді ойлаймыз не жаңа киім-кешек алуды жоспарлаймыз. Қажетті техникаларды сатып алуды, ескірген телефонымызды жаңартуды ойлаймыз. Осындай сәтте жеңілдіктердің жарнамасын көзіміз шалып, құлағымыз естіп жатады. Қанша мән бермеуге тырыссақ та кез келген сәтте алдымыздан шыға келеді. Ал біздің миымыз қажетті ақпараттан гөрі осындай жеңіл жарнаманы есте сақтауға жақсы дағдыланған.
Кез келген адам сыйлық алғанды ұнатады. Ал сыйлық алған адамның миы қуаныш сезімін оятып, жақсы көңіл-күй береді. Затты жеңілдікпен алған кезде адам дәл осындай сезімде болады. Қуаныш сезімі аз ғана уақыт болғанымен сатып алатын кезде адамның миы жеңілдіктен басқа ақпаратты қабылдағысы келмейді.
Дүкендер болса сатып алушыларды қызыл белгілермен, түрлі маңдайша жазулармен, әдемі сандармен қызықтырады. Бір қызығы адамдар қарапайым баға көрсеткіші жазылған тауарға қарағанда түрлі түспен боялған, әсіресе қызылмен жазылған тауарларды жиі сатып алады екен.
Осы қағида бойынша дүкендерге тауардың бағасын 10,000 теңгенің орнына 9,990 деп көрсеткелген тиімді. Өйткені ми 9,990 деген санды 10 мыңнан әлдеқайда аз және жеңілдік деп қабылдайды. Ал науқанның уақыты аз, тауар саны шектеулі деген мәтінді оқығанда адам тез шешім қабылдауға тырысады.
Дүкендер жақсы атмосфера жасаудан бөлек көңіл-күйге жайлылық сыйлайтын әуендерді қосып қояды. Бұл адамдарға жақсы әсер етіп, алаңсыз тауар алу сезімін тудырады.
Бұдан бөлек бүкіл әлемде кеңінен таралған "Қара жұманы" сатып алушылар жаппай сатылым мен жеңілдіктер уақытымен байланыстырып, алдын ала дайындалуға мәжбүрлейді.
Дереккөз: massaget.kz