Әл-Фараби ауданында қазіргі таңда көпқабатты тұрғын үйлерге тұрғындармен жиналыстар ұйымдастырылып жылу есептегіш құралдары орнату бойынша жиналыстар жүргізіліп, ауданда осы уақытқа дейін 61 көпқабатты үйге жылу есептегіш құралдары орнатылды және ары қарайда жұмыстар жүруде, деп хабарлайды Sn.kz.
Жылу есптегіш құралының қазіргі таңда бағасы 750000 теңгені құрайды. Бір үйде қанша пәтер болатын болса, 750000 теңге сол пәтерлерге бірдей бөлінеді. Сол бөлінген ақша 48 ай мерзімге бөліп төленеді. Жылу есептегіш құралын орнатқан көпқабатты үйлердің тұрғындары 40 пайызға ақшаларын үнемдеп отыр.