$ 498.34  519.72  4.85

Азық-түлік тауарларының 33 түріне мониторинг жүргізіледі

Қандай да бір бағаның өсуі байқалса сол сауда нысандарына жұмысшы топ барып, анықтау-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Әл-Фараби ауданына қарасты 4 базар, 19 сауда орталығы және 10 дүкендерге бағалар бойынша мониторинг жүргізілуде. Бұл сауда орындарына, базарларға Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты мен басқармалардан жауапты қызметкерлер бекітілген, деп хабарлайды Sn.kz.

Азық-түлік тауарларына күнделікті мониторинг жүргізіліп, облыстық штабқа мәлімет беріліп отырады. Қандай да бір бағаның өсуі байқалса сол сауда нысандарына жұмысшы топ барып, анықтау-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Мониторинг азық-түлік тауарларының 33 түріне жүргізіледі.

Бағаны тұрақтандыру мақсатында тұрақтандыру қорынан ұн, қант(шекер), картоп, басты пияз, сәбіз, күріш, макарон, қызылша, қырыққабат азық-түліктері төмен бағада тұрғындарға сатылуда. Бұл тауарларды Жоғарғы базар, Дархан, Қазыбек базарларынан және жексенбі күні Қажымұқан стадионының көлік тұрағы орнында өтетін жәрмеңкеден алуға болады.

Қазіргі таңда жергілікті полициясының басшысы тағайындалды, алдағы уақытта учаскелік полиция қызметкрлері халық алдында және әкімшілікке жылына 1 рет есеп беріледі және аудан аумығындағы ретсіз сауданы алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес хаттамалар толтырылады. Қазіргі таңда ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 204-бабы бойынша 1275 хаттама толтырылып, 1164 ескерту берілген, 1 123 705 теңге айыппұл салынып, жергілікті бюджетке 634 240 теңге өндірілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#азық түлік