$ 494.87  520.65  4.91

Қонаевтың қарапайымдылығы

Бүгін ұлтымыздың бір туар азаматы мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Қонаевтың туған күні.

Ол 1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген.

Д. Қонаев өз заманының ұлы саясаткері бола білді. Ол билік басында болған уақыт күрделі, қарама-қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді. Осы еңбектерін жоғары бағалаған халқы оны Димаш деп ерекше құрметтеді. Ел арасында «Қонаев айтқан екен», «Қонаев осындай болған екен» деген аңызға бергісіз әңгімелер жиі айтылады. Оның КСРО да ең биік саяси лауазымға ие болған алғашқы қазақ екендігі, КСРО ның ішкі және сыртқы саясатын басқаратын 15 мүшелік политбюро мүшесі болғандығы белгілі. Сондай-ақ,  Қонаевтің қарапайымдылығы көпті таң қалдырады. Қонаевтің жеке күзетшілері болмаған. Басқалары жеке күзетшілерімен жүргенде Қонаев жай ғана таңертең жұмысына жаяу барып келіп жүрген.

Ал қанағатшылдығы, Академик шені үшін 340 рубльдік төлемақыдан бас тартқан.

Шағын пәтерінде (қазір мұражай) 24 жыл өмір сүрген, пәтер ауданы 200 кв.м

Кезінде Леонид Брежнев(КСРО басшысы) Алматыға бірінші рет келіп, Қонаев үйіне қонаққа келеді. Пәтерін ары аралап бері аралап: «Бар дүниең осы ма?» - деп таңданады.

Елінің ерекше ықыласына бөленген Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1993 жылғы тамыздың 22-сінде, 82-жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары