Жаңалықтар 07.12.2019 сағат 20:48

Алматы – Өскемен тас жолында ірі жол апаты болды (ВИДЕО)

Жол апатынан екі әйел және бір ер адам зардап шекті. Олар Сарыөзек ауылының ауруханасына жеткізілді.
Алматы – Өскемен тас жолында ірі жол апаты болды (ВИДЕО)
Фото: newizv.ru
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алматы – Өскемен тас жолында ірі жол апаты болып, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жол апаты Сарыөзек ауылының маңында республикалық автожолдың 182 шақырымында алты көлік - Toyota Land Cruiser, екі Mercedes-Benz, BMW, Нива және Mazda-ның қатысуымен болды. Апатқа көктайғақ себеп болды деп болжанып отыр.

"Жол апатынан екі әйел және бір ер адам зардап шекті. Олар Сарыөзек ауылының ауруханасына жеткізілді. Оларды халі қандай күйде екенін дәрігерлер анықтайды. Барлық көлік Алматы жаққа бара жатқан. Жол апатының себептері тергеу барысында анықталады", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға орнында облыстық департаменттің жол полицейлері мен Кербұлақ аудандық полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар