$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда ерекше веналық бал өтті

Жастар жылы мен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 75 жылдығы аясындағы бал қысқы ертегі желісімен өтті.

Алматыда «Жастар жылы» мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Úkili úmit» қайырымдылық балы өтті. Оңтүстік астананың мәдени өміріндегі айтулы шара биыл тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Sn.kz.

Жастар жылы мен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 75 жылдығы аясындағы бал қысқы ертегі желісімен өтті. Кеш дебютанттардың орындауындағы бимен ашылады. Балға Қыздар университетінің студенттері мен ҚР ҰҚК Әскери академиясының курсанттары қатысты.

Сондай-ақ, шара шеңберінде педагогикалық оқу орнының оқытушылары мен студенттерінің шығармашылық жұмыстары мен ерекше өнер туындылары аукционға қойылып, бағалы жәдігерлер ойнатылды. Балдан және аукционнан түскен қаражат I-топтағы мүгедек Айсұлтан Асылхан есімді жеткіншектің еміне жұмсалады.

Веналық үлгідегі балға саясат пен бизнес өкілдері, шетелдік және отандық жетекші жоғары оқу орындарының басшылары, ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері және мәдениет саласы мен масс-медиа мамандары қатысты. Сонымен қатар оған қайырымдылық пен меценаттықты өмірінің басты қағидасы ретінде санайтын азаматтар да шақырылған.

– Алматы қаласының қоғамдық және мәдени өміріндегі айтулы шараның басты мақсаты – жастарды бекзат өнерге тарту арқылы оларды жоғары мәдениеттілікке, инабаттылық пен қайырымдылыққа баулу, қоғамда «Алматы – ізгі істер қаласы» түсінігін қалыптастыру және оны нақты іске асыру. Сонымен қатар оңтүстік астананың еліміздің мәдени орталығы ретіндегі имиджін одан әрмен көтеруді көздейтін шара шығармашылық әлеуеті жоғары талантты жастарды анықтауға үлес қоспақ, – деп атап өтті Қыздар университетінің Баспасөз қызметінің жетекшісі Жандар Асан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары