$ 498.34  519.72  4.85

Алаяқтығы үшін күдікке ілінген адам айыппұл арқалады

3 млн теңге айыппұл салынды.
фото: tolqyn.kz
фото: tolqyn.kz

Жемқорлықпен айналысқаны үшін Шымкент қалалық білім басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы қызметкер ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "жемқорлық жасады" деген күдікпен ұсталған Шымкент қалалық білім басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушысы Ж. Д. Базарованың ісіне қатысты тергеуді аяқтады.

Ол орта мектептің білім жөніндегі меңгерушісіне мектеп директоры лауазымына тағайындалу үшін тест тапсыруға жәрдем бергені үшін одан алдап 400 мың теңге көлемінде қаражатын иемденіп, сенімін теріс пайдаланғаны үшін күдікті деп танылған, - делінген Агенттіктің хабарламасында.

Шымкент қаласы, Еңбекші аудандық сотының үкімімен Ж. Д. Базарова "алаяқтық жасағаны үшін кінәлі" деп танылып, мемлекеттік қызметте лауазымды міндет атқару бойынша өмір бойына құқығынан айырылып, оған 6 желтоқсанда 3 млн теңге айыппұл салынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары