$ 444.22  476.38  4.82

Нұр-Сұлтанда мұз қалашықтар бой көтеретін орындар анықталды

Ал Сарыарқа ауданы үшін Есіл өзені аумағында, "Астана" спорт кешенінің жанына, Қосшығұлұлы, 17 мекенжайына, "Тамыз" тұрғын үй кешенінің жанына, "Наз" театрының маңайына, Оқжетпес пен Герцен көшелерінің қиылысына, Гете 10 және 187-көшелерге қойылады.

Елорданың 4 ауданында көпшілікке арналған мұз қалашықтары мен мұз айдындары салынатын болады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.  

Байқоңыр ауданында мұз қалашықтары мен балақайларға арналған сырғанақтар "Жастар сарайы" маңында, "Ататүрік" саябағында, Өндіріс тұрғын алабына, сондай-ақ6 Жолымбет пен А. Чехов көшелерінің қиылысына салынады. 

Есіл ауданының тұрғындарына EXPO, Ботаникалық саябақ, "Хан Шатыр", "Керуен" сауда ойын сауық орталықтары аумағына, "Жетісу" саябағында, "Жағалау" шағын ауданында, Жасыл орамда, сондай-ақ, Үркер мен Пригородный тұрғын алабында салынбақ. 

Ал Сарыарқа ауданы үшін Есіл өзені аумағында, "Астана" спорт кешенінің жанына, Қосшығұлұлы, 17 мекенжайына, "Тамыз" тұрғын үй кешенінің жанына, "Наз" театрының маңайына, Оқжетпес пен Герцен көшелерінің қиылысына, Гете 10 және 187-көшелерге қойылады. 

Алматы ауданында жұртшылыққа арналған сырғанақтар мен мұз айдындар "Қазақ елі" монументінің алаңына, "Жерұйық" саябағына, Ақбұлақ өзенінің айналасына, "Жастар" саябағына, Оқушылар сарайының алдына, Президент саябағына, "Ренессанс" мейрамханасының жанына, Триатлон-паркінде, Жүргенов көшесіндегі Сарайшық шағын ауданында, сонымен қатар, Теміржолшылар, Интернациональный, Мичурино тұрғын үй алабы маңына тоғытылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#мұз қалашық