$ 444.22  476.38  4.82

Алматыда «Жүрек барда жыр өлмейді» атты әдеби сазды кеш өтті

Салатанатты шараны ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Болат Жүнісбеков ашты.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық кітапханасының Кітапханатану залында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларын насихаттау мақсатында Дуалды білім беру жүйесінің негізінде А.Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Жүрек барда жыр өлмейді» атты әдеби сазды кеш (байқау) өтті, деп хабарлайды Sn.kz.

Салатанатты шараны ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Болат Жүнісбеков ашты.

Әдеби байқауға әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қаскелең мәдениет колледжінің «Кітапхана ісі» мамандығының студенттері қатысты.

Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орындарды жоғары оқу орындарының «Кітапхана ісі» мамандығының студенттері былайша бөлісті:

1 орын – Қаскелең мәдениет колледжінің «Жалын» тобы; 2 орын – Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Қызғалдақ» тобы; 3 орын – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Руханият» тобы.

Байқаудың жеңімпаздары мен белсенді қолдаушылары дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары