$ 498.34  519.72  4.85

ШҚО-да жетім қыздардың пәтерін тартып алғандар үйден қуылды

Шығыс Қазақстан облысында апалы-сіңлі Анастасия мен Алесяны аналары жетімдер үйіне осыдан бірнеше жыл бұрын өзі жетектеп алып келген екен. Арада бірнеше жыл өткен соң әйел қайтыс болып, оған тиесілі пәтер кәмелет жасына толған Настяның атына өтуі тиіс болған. Алайда, үйлеріне келген қыздар онда өзге біреулердің тұрып жатқандығын анықтапты деп жазады ҮК-news.kz.

Қыздар дереу облыстық прокуратураға арызданған. Құқық қорғаушылар анықтағандай, қыздардың өз үйлерін мұрегерлікпен қайтарып алуға құқық беретін құжаттар балалар үйі әкімшілігінің тарапынан дұрыс рәсімделмеген екен.

"Аталған баспана қыздардың әжесі мен анасына және Анастасияға тиесілі болған. 1999 жылы қарт әжей қайтыс болғаннан кейін анасы апалы-сіңлілерді 2003 жылы жетімдер үйіне өткізіп жіберген. Ал, 2006 жылы әйелдің өзі де көз жұмыпты. Мұнан кейін Настяның жасы 18-ге толып, өздеріне тиесілі үйге көшіп барған кезде онда өзге біреулердің тұрып жатқандығы белгілі болды. Прокуратураның араласуы нәтижесінде, заң үстемдік құрып, Анастасия мен Алеся кешегі Жаңа жылды өз үйлерінде қарсы алды, онда тұрып жатқан адамдар пәтерден шығарылды" делінген прокуратураның таратқан хабарламасында.

Өз жұмыстарына салдыр-салақ қараған интернат қызметкерлеріне тәртіптік жауапкершілік қарастырылуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары