$ 494.87  520.65  4.91

«Рухани жаңғыру»: ХАТУ студенттері Beeline-да тағылымдамадан өте алады

Университеттің бірнеше студенті жобаның бірінші толқыны аясында тағылымдамадан сәтті өтті, енді Beeline мен ХАТУ осы бағытта ынтымақтаса жұмыс істеуді жалғастырады.

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Beeline ХАТУ студенттеріне арналған тағылымдама бағдарламасын бастады. Бұл — Beeline Қазақстан мен Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті арасындағы жас дарындарды тартудың корпоративтік жобалары шеңберінде жасалған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған соң мүмкін болды, деп хабарлайды Sn.kz.

Университеттің бірнеше студенті жобаның бірінші толқыны аясында тағылымдамадан сәтті өтті, енді Beeline мен ХАТУ осы бағытта ынтымақтаса жұмыс істеуді жалғастырады. Тағылымдама мерзімі – 3 айдан 6 айға дейін. Оның нәтижесі бойынша, үздік студенттер Beeline-ға жұмысқа орналаса алады немесе компанияның кадрлар резервіне алынады.

«Біз тағылымдамаға, келешекте компанияға жұмысқа алуға студенттерді тарту жөніндегі әлеуметтік жобаларымызды белсенді дамытып жатырмыз. Beeline-да ІТ саласындағы дарынды студенттерді қуана қарсы алады. Біз жаңа идеяларға, зерттемелерге құштармыз, оларды қолдауға және енгізуге дайынбыз. Тағылымдамадан өткізетін бағдарламаларымыздың арқасында, студенттер білікті мамандармен бірге нақты жобаларға қатыса отырып, жетіледі және тәжірибе жинайды. Бұл — қызмет жолын сәтті бастаудың кепілі», — деді Beeline Қазақстанның Персоналды басқару директоры Тахмина Кодири.

Beeline жаңа бағыттарды дамыту үлгісі ретінде ХАТУ студенттері мен жетекшілеріне Big Data саласындағы жобаларын көрсетті және осы саладағы үздік мамандарды, соның ішінде техникалық ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру мүмкіндігі барын айтты.

Жастар мен келешегі бар мамандарға мүдделі негізгі жобалардың бірі — Big Data School. Бұл – диджитал саласындағы әлемдік заманауи трендтерді қолдана отырып, деректермен жұмыс істеуді оқу және шетелде тағылымдамадан өту мүмкіндігі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары