$ 449.58  486.94  4.86

«Шайқасқа лайық емес»: Қуат Хамитов қатысатын жекпе-жек өтпейтін болды

Оқырманының "неліктен олай болды?" деген сұрағына боксшы: "Білмеймін, мен жекпе-жекке дайын болғанмын! Кардтан шығарып жіберді", - деп жауап берді Хамитов.
фото: Vesti.kz
фото: Vesti.kz

Қазақстандық файтер Қуат Найман Хамитов 25 желтоқсанда Алматыда өтетін Gorilla Fighting Championship турнирі бойынша ұрыстың болмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы боксшы Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады, деп жазады Vesti.kz.

"Достар, 25 желтоқсанда мен Алматыдағы жекпе-жекте өнер көрсетпеймін! Жекпе-жек өтпейтін болды!", - деді ол жазбасында.

Оқырманының "неліктен олай болды?" деген сұрағына боксшы: "Білмеймін, мен жекпе-жекке дайын болғанмын! Кардтан шығарып жіберді", - деп жауап берді Хамитов.

Бұған дейін Хамитов пен тәжікстандық Нурулло Алиев жеңіл салмақта GFC белбеуіне таласатыны хабарланған. Құрметті қонақ ретінде турнирге UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов келуі керек болған.

Ал "Спорт ақпарат орталығының" мәліметінше, тажікстандық файтер оны Қазақстанда жеңіс бермеуі мүмкін деген оймен турнирге қатыспайтынын мәлімдеген.

"Мен бұл жекпе-жекке Қуат GFC ережесі бойынша бұл шайқасқа лайық адам емес екеніне қарамастан, мықты қарсылас болғандықтан ғана келістім. Бірақ турнирге аз уақыт қалған кезде GFC басшылығы мен Қуаттың командасы жекпе-жек шартын өзгертіп жіберді. Бұл тіпті шарт емес, ультиматум, 13 желтоқсанда Краснодарда болатын жекпе-жек уақытын Қазақстанда 25 желтоқсанда болатын турнир уақытына өзгертуімді талап етті. Бәрімізге белгілі, қазақстандық төрешілер әділ емес. Сондықтан біреудің арнайы жоспары бойынша жүретін және ойын нәтижесі алдын ала белгілі жекпе-жекте күрескім келмейді", - деп мәлімдеді Нурулло Алиев Instagram желісіндегі парақшасында.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары