$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Үш бәйтерек» атты кеш өтті

Аталған іс-шараға Қазақстан жазушылары одағының мүшесі Бауыржан Жақып, ақын Дәулетбек Байтұрсынұлы, Бейімбет Майлиннің немересі – Дәмен Әбілқасымова, Ілияс Жансүгіровтің келіні – Қарлығаш Жансүгірова және тағы басқалар қатысты.

Алматыда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Үш бәйтерек» атты шығармашылық кеш өтті, деп хабарлайды Sn.kz. 

Аталмыш іс-шараны Алматы қаласы, Әуезов аудандық әкімдігі ұйымдастырған. 

2019 жылдың 4 желтоқсаны күні, Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Дастан Қайратұлының қатысуымен, Қазақстан жазушылары кітапханасында, қазақ көрнекті әдебиет өкілдері Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров және Сәкен Сейфуллиннің туғандарына 125 жыл толуына орай, «Үш бәйтерек» атты шығармашылық кеш өтті. 

Аталған іс-шараға Қазақстан жазушылары одағының мүшесі Бауыржан Жақып, ақын Дәулетбек Байтұрсынұлы, Бейімбет Майлиннің немересі – Дәмен Әбілқасымова, Ілияс Жансүгіровтің келіні – Қарлығаш Жансүгірова және тағы басқалар қатысты. 

Қазақстан жазушылары кітапханасының меңгерушісі Елена Ағайса «Үш бәйтерек» атты кітап көрмесіне шолу жасады. Кеш соңында, белсенді қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.

Айта кетейік, биыл қазақтың «Үш бәйтерегі» аталып кеткен Сәкен Сейфулин, Ілияс Жансүгіров пен Бейімбет Майлиннің туғанына - 125 жыл. 

Өмірлері қысқа, тағдырлары ауыр болса да, артта қалған ұрпаққа ғибратты да мәнді туындылар мирас еткен «үш арыстың»  осы мерейтойы аясында Республикамыздың түкпір-түкпірінде ауыз толтырып айтарлықтай іс-шараларды өткізе бастады.

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» үндеуі аясмында өткізілген шаралар қатарына Алматыдағы Жазушылар одағы кітапханасында өткен осы бір кездесуді де жатқызуға әбден болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Үш бәйтерек