Ұлттық қордың басшысы Өмірзақ Шөкеевтің бұйрығымен Балжит Каур ханым басқарушы директор лауазымына тағайындалды. Ол Kuwait Investment Authority & Kuwait Finance House, ABN AMRO Bank, Maybank Malaysia және Deutsche Bank секілді халықаралық коммерциялық құрылымдарда 14 жыл тәжірбиесі бар кәсіби маман деп хабарлайды dailynews.kz порталы.
Бұрын басқарма төрағасыны орынбасары болған, Елена Бахмутова оперциялар мен қаржы мәселесі бойынша басқарушы директор болып тағайындалды. Ұлттық қордың бизнесті дамыту жөніндегі бас директоры болған Берік Бейсенғалиев активтерді оңтайландыру жөніндегі басқарушы директор лауазымына ауыстырылды. Сондай-ақ, Адамас Илькявичюс арнайы жобаларды трансформациялау жөніндегі басқарушы директоры қызметіне бекітілді. Қоғаммен байланыс жөніндегі бас директор болған Дархан Кәлетаев Үкіметпен қатынас және коммуникация жөніндегі басқарушы директоры болып қайт тағайындалды. Ол бұған дейін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары лауазымын атқарған.
Ұлан Тәжібаев болса, адами ресурстарды басқару жөніндегі басқарушы директоры қызметіне ие болды. Ержан Тұтқышев жаңа салаларды дамыту жөніндегі басқарушы директоры лауазымына тағайындалса, басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Ердебай өз қызметінен босатылды.