$ 494.87  520.65  4.91

Түркия Стамбұлдағы жарылысқа қатысы бар деген күдікпен Ресей азаматтары ұсталды

Түркия полицейлері «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымына қатысы бар деген күдікпен Ресейдің үш азаматын қолға түсірді. Бұл жайында Reuters тілшілері Dogan News агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Агенттіктің хабарлауынша, ресейліктер күні кеше Стамбұлдағы жарылысқа байланысты қамауға алынған. Қазіргі таңда тергеушілер күдіктілер өмір сүрген Анталья қаласындағы тұрғын үйді тексеруден өткізіп жатыр. Тәртіп сақшылары ол жерден радикалды мазмұны бар бірнеше CD-диск тапқандығын да мәлімдеді.

Естеріңізге салайық, 12 қаңтар күні Стамбұлдың Сұлтанахмет алаңында жарылыс болып, салдарынан 10 адам қаза тапқан болатын. Жараланғандар саны 15 адамды құрады. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендердің көбі Германия азаматтары. Ел билігі жарылысты «Ислам мемлекеті» ұйымының содыры жасағанын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары