Түз тағысын үйінде ұстайтындарға ауыл тұрғыныны өз базынасын жеткізді. Ол жыртқыштың тұмылдырықсыз, емін-еркін жүретініне ашулы, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қасқырдың иесімен серуендеп жүрген сәті түсірілген видео Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшалардың бірінде жарияланған.
Видеоны жолдаған тұрғын:
"Суықсу ауылы, Бұқар жырау ауданының тұрғыны қасқыр ұстайды. Онысымен қоймай, ауыл ішінде олармен тұмылдырықсыз серуендейді. Байламайды да.
Ауылда бала көп. Солар үшін алаңдаймыз. Біздің ескертуімізге құлақ аспайды. Не істесек болады?", - деп жазба қалдырған.