$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда Қазақстан имамдарының аймақтық форумы өтті

Шара барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қоғам мен діни қызметкерлер алдында өскелең ұрпақты патриотизм мен отансүйгіштік рухында тәрбиелеу міндеті тұрғанын атап өтті.

Алматыда «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты аймақтық имамдар форумы өтті, деп хабарлайды Sn.kz. 

Аталмыш іс-шара Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған. Шара Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ұйықты болуымен өтті.

Онда Қазақстан мұсылмандарының «Жеті рухани қазық» тұғырнамасы талқыланды. Алматыдағы Нұр-Мүбарак университетінде өткен имамдардың аймақтық форумына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз қатысты. 

Шара барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қоғам мен діни қызметкерлер алдында өскелең ұрпақты патриотизм мен отансүйгіштік рухында тәрбиелеу міндеті тұрғанын атап өтті.
«Діни қызметкерлер жастардың деструктивті идеялардың жетегінде кетпеуі үшін олардың алдын алып, түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізуде», — деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров.
Форумда Қазақстан мұсылмандарының «Жеті рухани қазық» тұғырнамасы талқыланды. Құжатта әрбір мұсылманның жеті қасиеті көрініс тапқан.

«Патриотизм Отанға, ана тіліне, дәстүр мен мәдениетке деген құрметтен бастау алады. Патриотизм шыңы – бұл өз ұлтына деген сүйіспеншілік», — деді Серікбай кажы Ораз.

Кездесуге Нұр-Мүбәрак университетінің ректоры, профессор Мұхаммад аш-Шахад Абдулхамид Мұхаммад аль-Джинди, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, «Президент және Халық» газетінің бас редакторы Марат Тоқашбаев, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Наурызбай қажы Тағанұлы, наиб мүфти Ершат Оңғаров, ҚМДБ аппаратының басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің деканы, профессор Ықтияр Молдатөреұлы, Алматының бас имамы Еркінбек Шоқай, имамдар және университет студенттері қатысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Бас мүфти