Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында енді Алматы қаласына келген туристер де ОҢАЙ картасын сатып алады. Бұл туралы ТИЦ Visit Almaty компаниясының директоры Марлен Маралов айтты, деп хабарлайды Sn.kz.
«2020 жылы ақпараттық туристік орталықтың жұмысын жандандыруды көздеп отырмыз. Келер жылдан бастап «турист пакеті» деген жобаны қолға аламыз. Оның аясында Алматыға келген турист тегін SIM-карта, 200 мегабайт интернет, ОҢАЙ картасын алады. Осылайша, оңтүстік астанаға келген қонақтың қаланы бір күн тегін аралауға мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, бұл жобаға мемлекеттен ешқандай қаржы бөлінбейді. Қаржы жеке компаниялар мен серіктес компаниялардан бөлінетін болады» деді Марлен Маралов.
Айта кетейік, бүгін «Kazakh Turizm ҰК» АҚ ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен IV ақпараттық-экскурсиялық тур өткізуде.