Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жаңа ереже бойынша салынатын әжетхананың эскиздері ұсынылды, деп хабарлайды Sn.kz.
Жобалық құжатта әжетхананың екі нұсқасы көрсетілген: біріншісінде - биіктігі – 2 800 сантиметр. Ені – 2 700 сантиметр. Ұзындығы – 6 200 сантиметр, екіншісінде – 2 800 сантиметр. Ені – 1 850 сантиметр. Ұзындығы – 5 950 сантиметр.
«Бұл жылжымалы автоматтандырылған павильондары бар әжетханалар. Олар іргетасты қажет етпейді және еуропалық технология бойынша сапалы материалдарды қолдана отырып жасалған» делінген құжатта.
Сонымен қатар, жоба авторлары әжетхананың тазалығы үнемі бақылауда болатынын атап өтті.
«Әжетхана автоматтандырылған жүйе бойынша жұмыс істейді: Есігі жабылғаннан кейін 15 минут өткен соң, ескерту дыбыстық дабыл қағылып, әжетхана есіктері автоматты түрде ашылады» деп толықтырды авторлар.