$ 494.87  520.65  4.91

14 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы ашық болады, елдің солтүстігінде ғана атмосфералық ағындардың  өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде қар жауып, бұрқасын күтіледі, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті.

Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ және желдің күшеюі сақталады.

Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді, Батыс Қазақстан облысында көктайғак  болады.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан,  Ақтөбе,  Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі,  күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Түнде Алматы облысының кей жерлерде тұман түседі,  Жалаңашкөл ауданында желдің  екпіні  17-22 м/с-қа жетеді.

Түнде Солтүстік Қазақстан, Қарағанды областарының кей жерлерде тұман түседі,  Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде жел  15-20 м/с-қа дейін   күшейеді.

Атырау облысының  кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің  15-20 м/с-қа дейін күшеюі күтіледі.

Маңғыстау облысының  кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін  күшейіп, күндіз тұман түседі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз желдің 15-20 м/с-қа дейін  күшеюі күтіледі.

Қазақпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары