$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда тоғызқұмалақтан халықаралық турнир өтті

Үш күнге созылған турнирге әлемнің 10 елінен келген 97 ойыншы қатысты. Олардың құрамында Қазақстанның намысын халықаралық дәржеде қорғап жүрген белді спортшылар да бар.

Алматыда «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған тоғызқұмалақтан халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды Sn.kz. 

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесіне арналған тоғызқұмалақтан халықаралық турнир Алматыдағы Балуан Шолақ спорт кешенінде өтті. Оған әлемнің 10 елінен жиналған мықтылар қатысып, өзара бақ сынасып, жүлдегелерлерді анықтады. 

Үш күнге созылған турнирге әлемнің 10 елінен келген 97 ойыншы қатысты. Олардың құрамында Қазақстанның намысын халықаралық дәржеде қорғап жүрген белді спортшылар да бар. Жарысты өткізудегі мақсат - дене шынықтыру мен спорттың бұқаралық сипатын арттыру.

«Негізі тоғызқұмалақтың жағдайы 10-20 жылда қарастыратын болсақ, күрт жоғарғы деңгейге өсті. Қазір Қазақстан аумағында 200 мыңнан астам әуесқой ойыншыларымыз бар. 9 мыңдай кәсіби спортшымыз бар. Сонымен қатар, ардагер адамдарымыз да әлі күнге дейін тоғыз құмалақты ойнап жүр», – деді  Тоғызқұмалақ федерациясының бас хатшысы Серік Ақтаев.

«Ұлттық спорттың бұл түріне ден қоюшылар жылдан жылға артып келеді»,- дейді ұйымдастырушалыр.
Байрақты бәсекеде ерлер арасында бас жүлдені қызылордалық Бексұлтан Бостандықов иеленді. Екінші орын Қырғыз елінен келген ағайындарымызға бұйырды. 

Ал қыздар арасынан 1-орынды шығысқазақстандық Назель Нұрғалиеваға иеленсе, екінші орынды Нұр-Сұлтан қаласының намысын қорғап келген Гүлнар Базарғалиева қанжығасына байлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары