$ 447.4  477.55  4.76

Алматыда «Туған жер» патриоттық шығармашылық фестивалі өз мәресіне жетті

Байқауға қатысушылардың жасы 14-29 аралығында болды. Алты номинациядан тұратын байқау қараша айында қорытындыланды.

Алматыда «Туған жер» патриоттық шығармашылық фестивалі өз мәресіне жетті. Аталмыш іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған, деп хабарлайды Sn.kz. 

«Туған жер» патриоттық шығармашылық фестивалін ұйымдастырудағы мақсаттың бірі – жастарды туған жерінің патриоты болуға баулу, оған кіршіксіз қызмет етіп, Атамекенді ұлықтай білуге шақыру еді. Туған өлкенің қадіріне жетіп, бағалай білу үшін жастарымызға көптеген насихат қажет-ақ.

Осы мақсатта «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің  және Алматы әкімдігінің қолдауымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі «Туған жер» патриоттық шығармашылығын дамыту бойынша іс-шараларды ұйымдастыру» жобасы аясында «Туған жер» шығармашылық байқауын ұйымдастырған болатын.

Байқаудың міндеттері жастардың ізденісін арттыру, шығармашылығына көңіл бөлу, патриот болуға тәрбиелеу. Байқауға қатысушылардың жасы 14-29 аралығында болды. Алты номинациядан тұратын байқау қараша айында қорытындыланды. Әлеуметтік желілерде жеңімпаздардың аты-жөндері жарияланды. 

Туған жерге өз талантымен үлес қосып жүрген жастарды сахна төрінде марапаттап, сыйақы беру рәсімі қараша айының 25-не бұйырды. Марапаттау кеші Алматы қаласындағы Мемлекеттік қуыршақ театрында өтті.

Кеш қонақтары дәстүрлі әнші, өнертанушы Ерлан Төлеутай, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының және «Алтын қалам» қоғамдық сыйлығының иегері, ақын Ақберен Елгезек, қоғам қайраткері Гүлбахрам Жүніс, режиссер-сценарист Дәурен Дариябек, өнертапқыш Жәнібек Көркембай, суретші, қолөнерші Алмас Серікұлы. Сонымен қатар Құрманғазы атындағы ұлттық консерватория түлектері жеңімпаздарға қолдау білдіріп келді.

«Үздік мақала», «Үздік поэзия», «Үздік бейнеролик», «Үздік өнертабыс», «Үздік бейнелеу өнері», «Үздік дәстүрлі музыка орындаушысы» номинациясы бойынша І, ІІІ, ІІІ орын алған жеңімпаздарымыз арнайы сертификатпен марапатталды. 

Аталған номинацияларға ие болған қатысушыларымызға сыйлықтар беріліп, белсенді шәкірт дайындаған ұстаздар да марапатқа ие болды.

Фестиваль кезінде жан-жақтан жиналған жеңімпаздар өз өнерлерін көрсетіп, туындыларын жұртшылыққа таныстырды. 

Іс-шарамыздың соңында «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің басшысы Арман Серікұлы жеңімпаздарды тағы да жеңістерімен құттықтап, қолдау көрсете келген көрермендерге алғысын білдірді. 
Өнерлі жастарымыз да ризашылықтарын айтып, кездесу соңы жақын таныстыққа ұласты. Көп ішінен топ жара шыққан жеңімпаздарды тағы да шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары