12 желтоқсан күні елордада электродабыл іске қосылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
«12 желтоқсан сағат 09:55-те телерадио арналарды ұстап қалу және электродабыл қосу арқылы Нұр-Сұлтан қаласының құлақтандыру жүйелері тексеріледі. Төтенше жағдай орын алған кезде немесе сондай қауіп төнген кезде электродабылдар немесе басқа да дабыл құралдары қосылады. Ол «Баршаңыздың назарыңызға!» бірыңғай құлақтандыру дабылын білдіреді. Бұл дабылды естіген кезде тұрғындар іс-әрекет туралы нұсқаулар мен ақпарат алу үшін міндетті түрде қолайлы ақпарат қабылдау құралдарын (теледидар, радио және басқа) қосуы керек», - деді ТЖД хабарламасында.
Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаменті қала тұрғындарын сабыр сақтап, үрейленбеуге шақырады.